Мұғалжар ауданы аймағындағы ауылдық жерлерде жұмыс жасайтын білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 65 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 28 қазанда N 3-9-71 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы N 154 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009.10.27 N 154 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағы және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджет кодексінің 53 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұғалжар ауданы аймағындағы ауылдық жерлерде жұмыс жасайтын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне аудан бюджетінен қаржыландырылатың қысқы отын сатып алу үшін төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әрбір маманға 5 мың теңге көлемінде бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      кезекті тоғызыншы хатшысы
      сессиясының төрағасы
      С.М. Мамытов С.С. Салыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады