Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы N 10 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-74 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылы тұрғындарының конференциясының және Мұғалжар аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 4 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге өзеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 21.10.2016 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.03.2017 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Жаркемер ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Жаркемер ауылындағы негізгі көшесне атау берілсін.
      2."Жем" көшесі атауы Жем өзенінің халыққа көп қолайлы, пайдалы екендігін ескеріліп, осы ауыл Жем өзенінің бойында орналасқандықтан берілді.
      3. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедеі және алғашкы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Батпақкөл ауылдық
      округі әкімі: Ж.С. Алданиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады