1. Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №10 мемлекеттік тіліндегі "Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жаркемер ауылына көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-74 тіркелген, 2008 жылдың 10 желтоқсанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде:
"және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардагы №45 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батпақкөл ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Алданиязов |