Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 116 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі N 548 Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474 "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Азық-түліктің бағасының көтерілуіне байланысты, халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға, ең төменгі және одан да аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге, жалпы ауру салдарынан I, II, III топтағы мүгедек болғандарға 1,5 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен ай сайын ақшалай түрде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы сессиясының хатшысы
А.ҚОҚАНОВ С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА