Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010.02.12 N 178 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес және аудандық бюджеттің кірістер бөлігіне жеке тұлғалардан жиналатын бір жолғы алымды толық және уақытында жинауды қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлеміндегі бір жолғы талон негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерден алым құны N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 15 "2008 жылға базар алаңдарына тауар сату үшін төленетін бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-63) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Р.САТАНОВА С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА
Аудандық мәслихаттың
кезекті сессиясының
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 82 шешіміне N 1 қосымша
Аудан бойынша бір жолғы талондардың құны
Алым түрлері |
Базар алаңында және жолаушы тасымалдау үшін бір жолғы талондар алу құнының мөлшері (теңге) |
Мерзімі |
|
Жабық базарлар үшін |
Басқа базарлар үшін |
||
Сөреден тауар сатушылардан |
200 |
160 |
1 күнге |
Көп көлемдегі тауарлармен сауда жасау |
150 |
100 |
1 күнге |
Аз көлемдегі тауарлармен сауда жасау |
100 |
70 |
1 күнге |
Ет сатушылардан |
400 |
300 |
1 күнге |
Жерде қолдан ұсақ тауарлармен сауда жасау |
30 |
30 |
1 күнге |
Машинадан тауарлар сату |
600 |
600 |
1 күнге |
Газеттер мен журналдар |
20 |
20 |
1 күнге |
Тұқым,сондай-ақ отырғызу материалдары (тікпе көшет, көшет) |
50 |
50 |
1 күнге |
Бақша дақылдары: Қолдан сату Машинадан сату |
30 550 |
30 550 |
1 күнге |
Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер |
50 |
50 |
1 күнге |
Үй малдарына шөп сату |
200 |
200 |
1 күнге |
Үй малдарына,құстарына жем сату |
100 |
100 |
1 күнге |
Сыпырғыштар сату |
20 |
20 |
1 күнге |
Орман жемістерін сату |
50 |
50 |
1 күнге |
Балық сату |
70 |
70 |
1 күнге |
Саңырауқұлақ |
20 |
20 |
1 күнге |
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
200 |
200 |
1 күнге |
Үй малдарын бағу: (100 басқа дейін) (100-250 басқа дейін) |
40 100 |
40 100 |
1 күнге |
Үй құстарын бағу (100 басқа дейін) (100-250 басқа дейін) |
10 20 |
10 20 |
1 күнге |