Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармақшасына сәйкес Темір қалалық округі Әкімі Шешім етеді:
1. Жамбыл селосының атаулары жоқ:
1) N 1 орталық көшесіне "Тәуелсіздік"
2) N 2 шығыс жақтағы көшеге "Бейбітшілік"
3) N 3 батыс жақтағы көшеге "Бірлік" деген атаулар берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Темір қалалық округі әкімі: Е.Нағауов