Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 35 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес Алтықарасу, Еңбекші, Сартоғай халқының пікірін ескере отырып Алтықарасу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 02.03.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Алтықарасу ауылының атаулары жоқ
№ 1 көшеге Қызыл керуен
№ 2 көшеге С. Аманғосов
№ 3 көшеге Қарабас
№ 4 көшеге Астана
№ 5 көшеге Қарағанды
№ 6 көшеге Тасқабақ
Еңбекші ауылының атаулары жоқ
№ 1 көшеге Еңбекші
№ 2 көшеге Шығырлы
№ 3 көшеге Шилітоғай
№ 4 көшеге Қаракемер
Сартоғай ауылының атаулары жоқ
№ 1 көшеге Нұрлепес ата
№ 2 көшеге Мектеп
№ 3 көшеге Абай деген атаулар берілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он тізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округі әкімі: | Е.Төлеуов |