Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтініндегі "Бородин", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "Шығырлы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 07.08.2017 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округінің әкімінің 08.02.2016 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы" Заңының 35 бабыңың 2 тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Шығырлы ауылдық округі шешім етеді:
1. Шығырлы ауылының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне – Н.Байганин;
2) N 2 көшесіне - Ә.Молдағулова;
3) N 3 көшесіне – Ж.Кереев.
2. Ащысай ауылының: N 1 көшесіне – Ы.Алтынсарин;
1) N 2 көшесіне – А.Құнанбаев;
2) N 3 көшесіне – Бау-бақша;
3. Бірінші Мамыр ауылының:
1) N 1 көшесіне – Бірінші Мамыр көшесі деген атаулар берілсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
Шығырлы ауылдық округі әкімі: | Куспанов А.З. |