Бородин селолық округі әкімінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 5627 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақтан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Ақтөбе облыстық мәслихаты мен Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 14 "Темір ауданындағы ауылдық округ пен елді мекеннің атауларын өзгерту туралы" бірлескен шешіміне сәйкес, Шығырлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородин селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 20 маусымдағы № 3 "Бородин селолық округінің елді мекен көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-79 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдеде аудандық "Темір" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі деректемелерінде, атауында және мәтініндегі "Бородин", "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "Шығырлы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығырлы ауылдық
      округінің әкімі С.Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады