Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақыларымен және тарифтік ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 қарашадағы N 80 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-12-65 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.11.29 № 74 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-111 «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Заңының 238-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасныдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешен мен селолық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт саласының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен (қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда) жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихаттың
     сессиясының төрайымы                       хатшысы
          Е.Юшкевич                           Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады