Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық окргуінің әкімінің 15.07.2015 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық окргуінің әкімінің 15.07.2015 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Абай ауылдық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 қазандағы № 06 конференциясы хаттамасына сәйкес, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ"
1. Абай ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
Абай ауылында – Ойсылқара көшесі;
Ардагер көшесі;
Мектеп көшесі;
Күншуақ көшесі;
Жастар көшесі;
Аралтөбе ауылында – Тәуелсіздік көшесі;
– Желтоқсан көшесі;
Тассай ауылында – Сармырза.
Ескерту. Шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 тармақтары біріктірілді және жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық окргуінің әкімінің 15.07.2015 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық окргуінің әкімінің 15.07.2015 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Абай ауылдық округ әкімі: | А. Мұханбетова |