"Абай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылдық окргуінің әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда № 4457 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциалық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциалық Заңына сәйкес, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Абай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 7 "Абай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-69 тіркелген, 2008 жылғы 25 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Абай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы";
      шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Абай ауылдық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 қазандағы № 06 конференциясы хаттамасына сәйкес, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
      12345 тармақтары біріктірілсін және келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Абай селолық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
      Абай ауылында – Ойсылқара көшесі;
      Ардагер көшесі;
      Мектеп көшесі;
      Күншуақ көшесі;
      Жастар көшесі;
      Аралтөбе ауылында – Тәуелсіздік көшесі;
      – Желтоқсан көшесі;
      Тассай ауылында – Сармырза.".
      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі "
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Абай ауылдық округінің әкімі

Н.Жумагалиев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады