"Аққұдық ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық әкімінің 2008 жылғы 06 қарашадағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 05 желтоқсанда N 3-12-66 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы 35–бабының 2–тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңы 14–бабының 4–тармақшасына және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Аққұдық ауылдық округ әкімі: ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      Аққұдық ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Аққұдық, Қатынадыр ауылдарының көшелеріне атау берілсін.
      1. Аққұдық ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Аққұдық ауылында–Бейбітшілік көшесі;
      –Оспанов Құрманғали көшесі. Қарағандысай қыстағы осы көшеге қарайды;
      –Жеңіс көшесі, осы көшеге Аққұдық темір жол бекеті бойындағы барлық үйлер жатқызылады;
      Қатынадыр ауылында–Тәуелсіздік көшесі, көшеге осы елді мекендегі барлық үйлер жатқызылады.
      Ескерту. 1, 2 тармақтары біріктірілді және жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім Әділет мекемесінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 14.07.2015 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Аққұдық ауылдық округінің әкімі: К. Иманкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады