1. Аққұдық селолық округі әкімінің 2008 жылғы 06 қарашадағы № 5 "Аққұдық селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-66 тіркелген, 2008 жылғы 11 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасының 3.2. тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24-шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
I, II тармақтары біріктірілсін және келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Аққұдық ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Аққұдық ауылында–Бейбітшілік көшесі;
–Оспанов Құрманғали көшесі. Қарағандысай қыстағы осы көшеге қарайды;
–Жеңіс көшесі, осы көшеге Аққұдық темір жол бекеті бойындағы барлық үйлер жатқызылады;
Қатынадыр ауылында–Тәуелсіздік көшесі, көшеге осы елді мекендегі барлық үйлер жатқызылады";
III тармақтағы "III." деген реттік нөмірі "2." деген санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққұдық ауылдық округінің әкімі | У.Утегенов |