Бөгетсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 3-12-74 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 07.09.2015 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 07.09.2015 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Бөгетсай ауылдық округіне қарайтын елді-мекендер тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің 28.08.2017 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Талдыбұлақ елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – "Ш. Уалиханов" деген атау берілсін.
      2. Талдыбұлақ елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – "Ы. Алтынсарин" деген атау берілсін.
      3. Карлау елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – "Бейбітшілік" деген атау берілсін.
      4. Карлау елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – "Абай" деген атау берілсін.
      5. Шіліктісай елді мекендегі № 1 атауы жоқ көшесіне – "Ж. Жабаев" деген атау берілсін.
      6. Шіліктісай елді мекендегі № 2 атауы жоқ көшесіне – "Желтоқсан" деген атау берілсін.
      7. Шіліктісай елді мекендегі № 3 атауы жоқ көшесіне – "Тәуелсіздік" деген атау берілсін.
      8. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөгетсай ауылдық округінің әкімі: С.Е.Сердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады