1. Бөгетсай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 "Бөгетсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-74 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Бөгетсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы";
шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде "және де аумақ халқының пікірін ескере отырып Бөгетсай селолық округіне қарасты Талдыбұлақ, Карлау, Шіліктісай елді мекендерінің атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы шешім етемін" сөздері "сонымен қатар, Бөгетсай ауылдық округінің Талдыбұлақ, Карлау, Шіліктісай елді мекендерінің халқының пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөгетсай ауылдық округінің әкімі | С.Жаназаров |