Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округінің әкімінің 30.07.2015 № 04 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына және Сарысай, Кызылсу елді мекендері тұрғандарының пікірін ескере отырып 2008 жылғы 28 қазандағы № 1, № 2 конференциясы хаттамасына сәйкес, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 28.11.2017 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қызылсу ауылдық округіне қарасты елді мекендің атауы жоқ көшелерге атаулары берілсін.
Сарысай елді мекеніңде:
1) Бірінші май көшесі;
2) В.Ф. Величко көшесі;
3) Ы. Алтынсарин көшесі;
4) Абай көшесі;
5) Ә. Молдағұлова көшесі;
6) Бейбітшілік көшесі;
7) Ә. Каржауов көшесі.
Қызылсу елді мекеніне:
1) Ә.Жәнгелді;
2) Бейбітшілік көшесі;
3) Ы.Алтынсарин көшесі;
4) Бірлік кошесі.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қызылсу ауылдық округ әкімі: | Н. Жүсіпова |