Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 қаңтарда № 8015 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Кішіқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кішіқұм ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 5 "Елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-90 тіркелген, 2009 жылғы 5 қаңтардағы аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесіндегі "№ 4200" сандары алынып тасталынсын;

      1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Кішіқұм ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:

      1) Шілікті ауылы бойынша:

      "Толағай", "Теректі", "Сартепсең", "Қоңыртөбе", "Сарөзек", "Жалаулы", "Достық", "Меңдікөл", "Мұрынқұм", "Сарбұлақ", "Бейбітшілік", "Теміржолшылар", "Шілікті" көшелері;

      2) Қарашоқат станциясы бойынша:

      "Кішіқұм", "Жеңіс", "Теміржолшылар", "Достық" көшелері;

      3) Ақеспе станциясы бойынша:

      "Отан" көшесі;

      4) Шоқысу станциясы бойынша:

      "Теміржолшылар", "Толағай", "Сарбұлақ", "Жастар" көшелері.".

      2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кішіқұм ауылдық округінің әкімі К. Казбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады