Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 16-105 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 5 тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына (В.А.Долженковқа), облыстық мәслихаттың экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және экология салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Шүрегеевке) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Алматы облыстық мәслихатының
2008 жылғы 17 қаңтарындағы N 6-35
"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008
жылға арналған төлемақы ставкаларын
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары
Р/с N | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қалдық- тардың қауіптілік деңгейі |
ставка, теңге |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары 1 |
Шартты тонна |
582 |
|
2. |
Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары |
Пайдаланылған отынның тоннасы (бұдан әрі тонна) |
||
Этилденбеген бензин үшін |
421 |
|||
Дизель отыны үшін |
576 |
|||
Сұйытылған сығылған газ үшін |
285 |
|||
3. |
Ластаушы заттардың төгінділері |
Шартты тонна |
||
Су көздеріне 2 |
15654 |
|||
Жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне |
1100 |
|||
4. |
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3 |
тонна |
227,5 |
|
5. |
Өнеркәсіптік |
тонна |
||
өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкциаланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру |
"қызыл тізім" |
8332 |
||
"янтарь тізім" |
4166 |
|||
"жасыл тізім" |
1041,5 |
|||
"жіктелме- |
521 |
|||
Бұдан басқа; |
||||
аршынды жыныстар 4 |
тонна |
2,8 |
||
байытушлактары, шламдары, |
21,7 |
|||
күл мен күлшлактар 4 |
18,1 |
|||
ауыл шаруашылығы |
10,5 |
|||
6. |
Радиоактивті |
гигабек- |
||
трансуранды |
442,1 |
|||
альфа-радиоактивті қалдықтар |
221 |
|||
бета-радиоактивті қалдықтар |
22,1 |
|||
шынақты радиоактивті көздер |
221 |
Ескертпе:
1) ISO 14001: 2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі.
1 0,75 коэффициенті;
4 0,75 коэффициенті;
2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
энергия өндіруші ұйымдар;
табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынандай коэфициенттер енгізіледі
1 0,3 коэффиценті;
2 0,43 коэффиценті;
3 0,25 коэффиценті;
Ескерту. 2-тармақша жаңа редакцияда - Алматы облыстық мәслихатының 2008.07.15 N 12-69 Шешімімен.
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған қатты қалдықтардың төлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффициенті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақтарына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффиценттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.
Ескерту. 5 тармақшамен толықтырылды - Алматы облыстық мәслихатының 2008.07.15 N 12-69 Шешімімен.