Талдықорған қаласы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 53 шешімі және Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 9-365 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2008 жылы 23 мамырда N 2-1-80 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Талдықорған қалалық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 9 сәуірдегі қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қаланың төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Талдықорған қаласының "Восточный" көшесі "Шығыс" көшесіне өзгертілсін;
      2) Талдықорған қаласының "Базарная" көшесі "Қарқара" көшесіне өзгертілсін;
      3) Талдықорған қаласының "Лесная поляна" көшесі "Ақ қайың" көшесіне өзгертілсін;
      4) Талдықорған қаласының "Лесная" көшесі "Теректі" көшесіне өзгертілсін;
      5) Талдықорған қаласының "Луговая" көшесі "Шалқар" көшесіне өзгертілсін;
      6) Талдықорған қаласының "Новый" көшесі "Жаңа тұрмыс" көшесіне өзгертілсін;
      7) Талдықорған қаласының "Талдыкорганская" көшесі "Талдықорған" көшесіне өзгертілсін;
      8) Талдықорған қаласының "Речная" көшесі "Бұлақты" көшесіне өзгертілсін;
      9) Талдықорған қаласының "Рылеев" көшесі "Хан тәңірі" көшесіне өзгертілсін;
      10) Талдықорған қаласының "Семиреченская" көшесі "Жетісу" көшесіне өзгертілсін;
      11) Талдықорған қаласының "Фестивальная" көшесі "Мереке" көшесіне өзгертілсін.
       2. Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (М. М. Қалиев) аталған көшеге тиісті маңдайшаларды 2008 жылғы 1 маусымға дейін орнатсын.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Базарқүловаға жүктелсін.
       4. Осы бірлескен Талдықорған қалалық мәслихатының шешімі мен Талдықорған қалалық әкімдігінің қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мөслихат
      хатшысы                                    М. Бопазов

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады