Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.04.14 N 173 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелінген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар 2008 жылдың 1 қаңтарынан енгізілсін:
1) 6-тармақта 8-тармақша алынып тасталсын;
2) 8-тармақта:
"жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды" деген сөздерден кейін "дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасымен ауыр жұмыстан босатылғандар, амбулаториялық (стационарлық) емдеуде жүргендер" деген сөздермен толықтырылсын.
3) 15-тармақта:
"сенім хаты бар жалдаушыға беріледі" деген сөздерден кейін "Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайын, нақты тұратындығын және отбасы тұратын үйдің көлемін анықтауға тексеру жүргізуді тапсырады" деген сөздермен толықтырылсын.
4) 20-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"Электр энергиясы, сумен қамту шығындары құжаттарды тапсырған айдың алдындағы айдағы түбіршекте көрсетілген шығындар бойынша есептелінеді".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы М.О. Оспанәлиев
Мәслихаттың хатшысы М.Д. Бопазов