Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.04.14 N 173 Шешімімен
Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 шілдедегі N 180 "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 26 тамызында 2-1-8 нөмірінде тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі 40 нөмірінде жарияланған) шешімінің, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 25 шілдедегі N 180 "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2007 жылғы 6 наурыздағы N 363 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 26 тамызында 2-1-39 нөмірінде тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2007 жылғы 22 наурыздағы 12-нөмірінде жарияланған) шешімінің және Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 шілдедегі N 180 "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 шілдедегі N 407 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 9 тамызында 2-1-51 нөмірінде тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2007 жылғы 16 тамыздағы 33 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 2 сессияның төрағасы,
Қалалық мәслихаттың
хатшысы М. Д. Бопазов
Талдықорған қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 22 қазандағы N 12
"Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшері туралы" шешіміне
қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері туралы
Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері (әрі қарай тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады, табысы аз отбасыларына (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – Бөлім) тағайындалады және осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатындарға беріледі. Өтініш иесі тұрғын үйді жалға алуға сенім хат немесе басқа да құқығы туралы құжаттарды көрсете алмаған жағдайда Бөлім учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайын, нақты тұратындығын, отбасы тұратын үйдің көлемін анықтауға 1-қосымшаға сәйкес тексеру жүргізуді тапсырады.
Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтері тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 проценттік үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Телекоммуникация жүйесінің абоненттері болып саналатын, әлеуметтік қорғауға жататын азаматтарға телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы - ақшалай төлемақы тұрғын үй көмегінің ішіне кіреді. Телефонға төленетін абоненттерге төлемақы оның тарифтік көлемі артқанда тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтеріне кеткен шығынды қоса есептегендегі айырмашылығы төленеді.
Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй пәтері барлар, немесе тұрғын үйді, пәтерді жалға беруші тұрмысы төмен отбасыларына (адамдар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш иесі қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.
2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонға төленетін абоненттік тарифтің көтерілуіне орай абоненттік төлемдердің, өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет, байланыс шығындарын өтеу ретінде беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
4. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
5. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар тұрмысы төмен отбасыларына (адамдарға) тұрғын үй көмегі жалпы негізде беріледі.
6. Тұрғын үй көмегі 2-қосымшаға сәйкес тұрғын үй иесінің (жалдаушысының) өтініші мен оған қосымша құжаттардың негізінде тағайындалады:
1) отбасының тұрғылықты мекен-жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу, жалға беру келісім-шарты);
3) тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
4) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет;
5) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет. Табыстың түрлерін құжатпен растауға жататындар: еңбекпен тапқан табыс, зейнетақы, жәрдем ақы және алименттер. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін табысы аз отбасылары жалақысын шарттың көшірмесімен, жалдаушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар табысын жазбаша өтінішімен растайды.
Өтініш иесі өтінішінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына Қазақстан Республикасының заңды актілерінің негізінде жауапкершілік артады. Алимент төлеуші:
жұмыс жасамаса және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса (анықтама өткізсе);
бас бостандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда болса (анықтама өткізсе);
туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакторияларында болса (егер анықтама өткізсе);
Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетте тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда уәкілетті органның анықтамасымен расталған спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда немесе учаскелік комиссияның отбасына тұрғын үй көмегінің қажеттілігі жайлы қорытындысы негізінде алиментті есепке алмай отбасының жиынтық табысы есептелінеді.
6) қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатындығын дәлелдейтін құжаттар (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметіне есеп айырысу - түбіртек).
7) Белгілі санаттағы тұлғалар үшін, қосымша құжаттарды дайындау керек: жұмыссыз - жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек-медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана-N үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген);
8) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008.04.14 N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2008.10.10 N 77 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
7. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын жиынтық табысы туралы анықтамаларды және тұрғын үй-коммуналдық, байланыс қызметтері үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
8. Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы, мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, немесе жұмыс істемейтін, жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасымен ауыр жұмыстан босатылғандар, амбулаториялық (стационарлық) емдеуде жүргендер мемлекеттік бәсірелік әлеуметтік көмек алатындар ішінен өз бетімен жұмыс жасайтын адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008.04.14 N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
9. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы. Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтермен (сумен қамтамасыз ету, канализация, жарық және жылу энергиясы, тұрғын үйді ұстау) пайдалану көрсеткіштерімен, нормаларын қала әкімдігі белгілейді.
10. Отбасының тұрғын үйлерді ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері шығындарының белгіленген шекті үлесі, отбасының кірісі және тұрғын үйлерді ұстау қызметі төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде, бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегі қайта есептелінеді.
11. Тұрғын үй көмегін алушы табысы аз отбасылар (азаматтар) үй меншігі түрінің, отбасы құрамы, санаты және жиынтық табысы өзгерген жағдайда он бес күн ішінде Бөлімге хабарлауға тиісті.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
12. Өтініш иесі тұрғын үй көмегі мөлшері мен тұрғын үй көмегін алу құқығына әсер ететін жағдайларды уақытында хабарламаса, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегінің артық алынған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, оны қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
13. Бөлім өтініш иесінен өтініші мен оған қосымша құжаттарды қабылдайды, оларды қабылдаған күннен он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
14. Өтініш иесі Бөлім шешімі мен әрекетін жоғары уәкілетті органдарға және сот арқылы шағымдануға құқылы.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
3. Жеке үйлерде тұратын өздері от жағатын тұрмысы төмен
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі
15.
Алынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
16. Жеке үйде тұратын өздері от жағатын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептегенде көмір 3000 (үш мың) килограмм болып есептелінсін.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008.04.14 N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2008.10.10 N 77 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.02.24 N 101 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
17. А
лынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
18. Тұрғын үйге барлық әлеуметтік нормадағы көмір шығыны көмір алу маусымдық болғандығына байланысты от жағу маусымында үш айға бір жолғы тұрғын үй көмегін есептеу ескеріледі.
19. А
лынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
20. Электр энергиясы, сумен қамту шығындары құжаттарды тапсырған айдың алдындағы айдағы түбіршекте көрсетілген шығындар бойынша есептелінеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008.04.14 N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
21. Алынып тасталды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2008.10.10 N 77 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
22. Отбасы құрамына қолданысқа жүрген заңға сәйкес тұрғылықты жері бойынша әділет басқармасы органдарында тіркелген адамдар кіреді. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен-жайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.
23. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
24. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) аудандар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
отбасында 2 адамы барлар үшін - 42 метр;
отбасы 3 және одан көп адамнан тұратындар үшін - әр қайсысына 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
2) газ тұтыну - жеке үйде тұратын отбасылары үшін 1 айға 1 кішкене баллон;
3) электр энергиясын қолдану;
1 адамға - 45 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
25. Тұрғын үй көмегінің төлемі бюджеттің есебінен Бөліммен "Қазпошта" Акционерлік Қоғамының филиалдары арқылы өтініш иелерінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
"Қазпошта" Акционерлік Қоғамының филиалдары көмек алушылардың өтініші негізінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған коммуналдық қызметтері үшін ақшалай қаржыны тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не дейін аударады.
Бөліммен "Қазпошта" Акционерлік Қоғамы әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасына салыстыру актісін жасайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009.06.30 N 119 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.