Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012.07.25 N 60 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 қарашасында тіркелген нөмірі 2-1-56, "Талдықорған" газетінің 2007 жылдың 23 қарашадағы 47 нөмірінде жарияланған) шешімінің, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 14 сәуірдегі "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 47 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 23 мамырында тіркелген нөмірі 2-1-81, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 6 маусымындағы 23 нөмірінде жарияланған) шешімінің, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 10 қазандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 77 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 05 қарашасында тіркелген нөмірі 2-1-87, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 14 қарашасындағы 46-нөмірінде жарияланған) шешімінің, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 ақпандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 101 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 1 сәуірінде тіркелген нөмірі 2-1-95, "Талдықорған" газетінің 2009 жылдың 10 сәуіріндегі 15 нөмірінде жарияланған) шешімінің және Талдықорған қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 30 маусымдағы "Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылдың 22 қазанындағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 119 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 19 қаңтарында тіркелген нөмірі 2-1-112, "Талдықорған" газетінің 2010 жылдың 29 қаңтарындағы 5 нөмірінде жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті ХХІІ сессияның
төрағасы,
қалалық мәслихаттың
хатшысы М. Бопазов
Талдықорған қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 14 сәуірдегі
"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және
тәртібін айқындау туралы"
N 173 шешіміне қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" N 246 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі" Қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ереже
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
өтініш беруші – көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп - ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
учаскелік комиссия – әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін қала әкімінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
тұрғын үй көмегін беру жөніндегі уәкілетті ұйым – жергілікті өкілді органдар тәртіппен айқындаған екінші деңгейдегі банктер.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде анықталады.
Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасы табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш беру тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай – Бөлім) 1-қосымшаға сәйкес өтініші мен келесі құжаттарын ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқықтығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату – сатып алу, жалға беру келісім-шарты);
3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенжай бюросының анықтамасы);
4) отбасының табысын растайтын құжаттар (тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының еңбекпен тапқан табысы, зейнетақысы, жәрдем ақысы, алименттер, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстары).
Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалға алушының анықтамасымен растайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтінішпен расталады.
Өтініш беруші өтінішінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына Қазақстан Республикасының заңды актілерінің негізінде жауапкершілік артады.
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
6) "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе 2-қосымшаға сәйкес телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы;
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
5. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу тәртібі
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
7. Тұрғын үй көмегі "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – Бөлім) тағайындалады және осы мекенде тұрақты тұратындарға беріледі.
Өтініш иесі тұрғын үйді жалға алуға сенімхат немесе басқа да құқықтығы туралы құжаттарды көрсете алмаған жағдайда Бөлім учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайын, нақты тұратындығын, отбасы тұратын үйдің көлемін анықтауға 3-қосымшаға сәйкес тексеру жүргізуді тапсырады.
8. Бөлім өтініш берушіден өтініші мен оған қосымша құжаттарды қабылдайды, оларды қабылдаған күннен он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп ұсынады.
9. Өтініш иесі Бөлім шешімі мен әрекетін жоғары уәкілетті органдарға және сот арқылы шағымдануға құқылы.
10. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде Бөлімді көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алу құқығына әсер ететін мән- жайлар туралы хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
11. Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, немесе жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасымен ауыр жұмыстан босатылғандарды, амбулаторлық (стационарлық) емдеуде жүргендерді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінен өз бетімен жұмыс жасайтын тұлғаларды есептемегенде, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
12. Отбасы құрамына қолданыста жүрген заңға сәйкес тұрғылықты жері бойынша әділет басқармасы органдарында тіркелген адамдар кіреді.
13. Есепті кезеңнен асып түсетін кезеңнің табысы бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және өзге де төлемдер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
14. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегi.
Жерлеуге берілген біржолғы жәрдемақы; төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтемақысын;
бала тууына байланысты берілген бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларына білім беру мекемелерінде көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек, қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы жеке адамның табысы түрінде қаралмайды және отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынбайды.
15. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтермен (сумен қамтамасыз ету, канализация, газбен қамтамасыз ету, жарық және жылу энергиясы, тұрғын үйді ұстау, қоқыс шығару) пайдалану көрсеткіштерімен, нормаларын қала әкімдігі белгілейді.
16. Жеке үйде тұратын өздері от жағатын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептегенде көмір 3000 (үш мың) килограммнан аспай есептелінсін.
Тұрғын үйге барлық әлеуметтік нормадағы көмір шығыны көмір (көмірдің құны) алу маусымдық болғандығына байланысты тұрғын үй көмегі жылына бір рет есептелінеді.
17. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) тұрғын үй алаңы:
әр адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ бөлменің жалпы ауданынан аспауы керек;
2) газ тұтыну - жеке үйде тұратын отбасылары үшін бір айға бір кішкене газ баллон;
3) электр энергиясын қолдану;
1 адамға – бір айға 45 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – отбасына бір айға 150 киловаттан аспауы керек.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
18. Тұрғын үй көмегінің төлемі бюджеттің есебінен Бөліммен екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейдегі банктер көмек алушылардың өтініші негізінде қызмет көрсетушілерге ұсынылған коммуналдық қызметтері үшін ақшалай қаржыны тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-не дейін аударады.
Бөліммен екінші деңгейдегі банктер әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасына салыстыру актісін жасайды.
Аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері
және тәртібіне
1-қосымша
Алматы облысы
Талдықорған қаласы, "Талдықорған
қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекеме бастығына
________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
________________________________
________________________________
(көшесі, үй және пәтер N, телефоны)
жеке куәлігінің N_________________
Салық төлеушінің куәлігінің N _____
____________________________
Өтініш
Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын. Менің отбасым _________ адамнан тұрады. Не менде, не менің әйелімде (күйеуімде) және 16 жастан асқан балаларымда басқа үй иелігімізде және жалға берген үй жоқ екенін растаймын.
Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауды міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаным үшін жауапкершілігім жайында ескертілгенмін.
"_____"_____________20 ___ жыл. Қолы_________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды
"_____"______________20___ жыл. Қолы_________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның т.,а.,ә.және қолы)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - ---- -- - - - -
(қию сызығы)
Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауды міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаным үшін жауапкершілігім жайында ескертілгенмін.
Өтініш берушінің қолы______________________
Азамат(ша) ___________________________өтініші отбасының тіркеу нөмірі
_______________ "____" _______________20 ___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның т.,а.,ә.және қолы____________________
"Аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері және тәртібіне
2-қосымша
Телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы
Аты, жөні, тегі___________________________________Жанұя құрамы_______
Мекен – жайы_________________________________________________________
Тұрғын үй көлемі___________________Берілген күні_____________________
Ком.қызметтердің атауы |
Есеп құралдың көрсеткіші |
Тариф |
Тағайын- далғаны |
Төленгені |
||
алдындағы |
ағымдағы |
саны |
||||
Жылу жүйесімен |
||||||
Ыстық сумен |
||||||
Суық сумен |
||||||
Газбен |
||||||
Электрмен |
||||||
Тұрғын үйді |
||||||
Қоқысты шығару |
||||||
Байланыс |
||||||
Барлық шығындар |
Пәтер иелерінің тұтыну
М.О. кооперативінің төрағасы:
Бас есепші:
Пәтер иесі:
"Аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері және тәртібіне
3-қосымша
Отбасының материалдық жағдайын тексеру актісі
Талдықорған қаласы Мерзімі _________________ 20____ жыл
Учаскелік комиссия мүшелерімен________________________________
(тұратын мекен - жайы)
__________________________________________________тұратын азамат(ша)
________________________________________отбасының материалдық жағдайы тексерілді.
Тексеру барысында мынандай қорытынды жасалды:
Азамат(ша)______________________________ отбасы ______адамнан тұрады.
Тұрғын үйдің алаңы___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтішіш беруші: _________________________ ____________________________
Комиссия мүшелері: _____________________ ____________________________
_____________________ ____________________________
_____________________ ____________________________
_____________________ ____________________________
_____________________ ____________________________
_____________________ ____________________________
(қолы) (т.,а.,ә.)