Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 8-67 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
Мәслихат хатшысы С. Серпербаев