Өздері жылылтатын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 7-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 19 ақпанда N 2-8-68 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 23-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009.01.31 N 23-3 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 15-тармақшасына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудан әкімінің 2008 18-қаңтардағы № 7-1/48 хатының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өздері жылытатын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      З. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің кеңесшісі Бекет Төлегенұлы Ахметовке және аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                       Ұ. Тасырова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқанбаев

Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихаттың 2008 жылғы
24 қаңтардағы N 7-2 шешіміне
қосымша

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгерлік) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен салыстырған айдан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті қадамдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
      8. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі - телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай төлемақы.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      3. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қалалық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) жал шарты(жалдау);
      3) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі немесе отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын анықтама - тоқсан сайын;
      4) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      5) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы хабарлама, белгі немесе түбіртектің көшірмесі;
      6) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себептері керсетілген хабарлама беріледі.
      5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1)еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;.
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      4)өзге де табыс.
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды.
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2)тұрғын үй көмегі;
      3)жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5)ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек;
      6. Қалалық, селолық округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді тапсырады.
      7. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны қалалық, селолық округтің әкіміне ұсынады.
      8. Калалық, селолық округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      9. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.;
      10. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      11. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерлінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      1. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) Электр жүйесін қолдану;
      1 адамға - 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      3 адамға - 135 киловатт;
      және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт.
      3) су қамтамасыз ету күніне 1 адамға:
      - көше су құбырынан - 50 л;
      - су құбыры бар үйлер - 120 л;
      - су құбыры бар көпқабатты үйлер - 210 л;
      4) сумен қамтамасыз ету тарифын қызмет берушілер ұсынады;
      5) жылына 5 тонна көмір.
      2. Коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемінің тарифтерін (газ, көмір) аудан әкімі бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады