Өздері жылытатын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 23-3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 20 ақпанда N 2-8-106 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 38-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының 2010.04.14 N 38-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Өздері жылытатын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 қаңтардағы N 7-2 "Өздері жылытатын жеке меншік үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы" шешімінің күші жойылсын (тіркеу нөмірі 2-8-68, 2008 жыл 19 ақпан, жарияланды N 9 "Еңбекшіқазақ" газетінде, 2008 жыл 22 ақпан).
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің кеңесшісі Бекет Төлегенұлы Ахметовке және аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      23-сессиясының төрағасы                    А. Газиева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 31 қаңтардағы N 23-3
"Өздері жылытатын жеке меншік
үйде тұратын тұрмысы төмен
отбасыларына тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі мен мөлшері
туралы" шешіміне
қосымша

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы тәртібі

      1.Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      а) уәкілетті орган – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып саналады;
      б) учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
       2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
       3. Тұрғын үй көмегі ауданның елді мекендерінде тіркелген, тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы болып табылатын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді қоспағанда орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
       4. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
       5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
       6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалардың тұрғын үй көмегін алу құқығы жоқ.
       7. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді. Қаражат жетіспеген кезде тұрғын үй көмегі өтініш тіркелген хронологиялық тәртіппен беріледі.
       8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырады.
       9. Телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатын тұрғын үй көмегін алушыларға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылған кезде қолданыстағы тариф пен оның алдындағы тариф арасындағы айырма ретінде төленеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Осының ішіне 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар (дәрігерлік сараптама негізінде) және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген адамдар кірмейді. Жедел әскери қызметтегілер отбасының құрамында есептелмейді.
       2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан осы тоқсанға айырылады.
       3. Тұрғын үй көмегіне алғаш рет өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
       4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса қалалық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігінің көшірмесі-жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда;
      2) азаматтарды тіркеу кітабінің көшірмесі немесе отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын анықтама немесе пәтерде тұратынын анықтайтын құжат (қолхат), (анықтамада үй кімнің атында екені көрсетіледі, үй иесінің жақын туыстары пәтер жалдаушы болып саналмайды)-жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда;
      3) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама-өткен тоқсанға;
      4) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы хабарлама, белгі немесе түбіртектің көшірмесі-өткен тоқсанның соңғы айына;
      5) жеке меншік шаруашылықтары жайлы мәліметтер – жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда;
      Өтініш иесіне әкімшілік құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек береді, жәрдемақы тағайындалмаған жағдайда уәкілетті органның себептері көрсетілген шешімі жайлы жазбаша хабарлама беріледі.
       5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, шаруа қожалығынан түсетін, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыстар;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылық табысы – мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау нормаларының шегінде есептелінеді;
      5) өзге де табыс түрлері.
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
       6. Қалалық, селолық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн қажеттілігіне қарай әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін учаскелiк комиссияларға тапсырады.
       7. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiлердiң құжаттарын отбасына тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау жайлы ұсынысымен қалалық, селолық округтiң әкiмiне қайтарады.
       8. Қалалық, селолық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын учаскелік комиссия дайындаған ұсыныспен бірге өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
       9. Құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қойған шешім қабылданылады. Өтініш иесі уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
       10. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
       11. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган немесе учаскелік комиссия отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер бергені үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады немесе келесі тоқсанда қайта есептелінеді, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      1. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну-1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      3 адамға - 135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) су қамтамасыз ету күніне 1 адамға:
      -көше су құбырынан – 50 л;
      -су құбыры бар үйлер – 120 л;
      -су құбыры бар көп қабатты үйлер – 210 л;
      4) жылына 4 тонна көмір.
      Электр мен газдың бағасы белгіленген тәртіпте бекітілген тариф бойынша қолданылады.
      Сумен қамтамасыз ету тарифы әр қала, селолардағы қызмет берушілердің бағасына сәйкес қолданылады.
      Көмір төлемінің тарифын аудан әкімі бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады