РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарының, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағының, Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлерін беру және бекіту Ережесінің талаптарын, Алматы облыстық әділет департаментінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 2-12/4-2055 ұсынысын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 4 "Есік қаласындағы "Луговая" көшесіне "Ханкелді батыр" деп атау беру туралы" келісімін басшылыққа ала отырып және қала тұрғындарының 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 1 хаттамасы мен 2007 жылғы 4 қазандағы N Ке-1031 өтінішін қарастыра келе, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы "Луговая" атындағы көшенің атауы "Ханкелді батыр" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. "Ханкелді батыр" атындағы көшесіндегі құрылыстарға реттік нөмірін беруі, бекітуі, көрсеткіштерді орнату жұмыстары аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелсін.
3. Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасына тіркеуге ұсынылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау, бір данасын өтініш иелеріне және тиісті мекемелерге тарату Есік қаласы әкімі аппаратының бөлім бастығы Серік Қазымович Бисенқұловқа жүктелсін.
Есік қаласының әкімі Б. Бейсеуов