Ақши селолық округіндегі ірі қара малдарының сарып ауруын жою мақсатында шектеу қою туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 2031 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбешіқазақ ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 27 маусымда N 2-8-92 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 867 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009.08.24 N 867 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10-тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу Жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық Ережені бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 21 мамыр айындағы N 2-08-244 ұсынысына сәйкес шектеу қою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ақши селолық округіндегі ірі қара малдарының сарып ауруын жою мақсатында шектеу қойылсын.
       2. Сарып ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитарлық іс шаралар жоспарға сәйкес бекітілсін (қосымша екі парақ).
       3. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Ақши селолық округіндегі тұрғындары арасында санитарлық-эпидемиологиялық ағарту жұмыстарын күшейтіп, сарып ауруы тіркелген ошақтарда және ол округтегі ауыл тұрғындарынан сарып ауруына қан алу жұмыстары жүргізіліп үнемі бақылауға алынсын.
       4. Ақши селолық округіндегі ветеринариялық инспекторы малдардың қозғалысын және бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалау жұмыстарын қатаң түрде жүргізсін.
       5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                      Ә. Тойбаев

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 26 мамырдағы
N 2031 қаулысына
қосымша

Ақши селолық округіндегі малдары сарып ауруымен ауырғанына байланысты орындалатын ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ

N

Ветеринарлық
-санитарлық
шаралар

Орындау
мерзімі

Орындаушы

Кімнің бақылауында

1

Қолайсыз ошаққа аудандық әкімдігі тарапынан шектеу қою

үнемі

Аудандық ауылшаруашылық бөлімі

Аудандық ауыл
шаруашылық
бөлімінің бастығы

2

Ауру шыққан
қораны
эпизоотиялық-
эпидемиялогиялық
тексеру актісін
шығару

үнемі

Комиссия құрамы

Аудандық
аумақтық инспекциясының
бас мал дәрігер
инспекторы

3

Ауру малды шұғыл
түрде бөлу тиіс

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің вет. инспекторы

4

Ауру малды алу,
және жою

үнемі

комиссия құрамы
және
Республикалық
мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын
"Республикалық
эпизоотияға
қарсы күрес
отряды"

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімінің бастығы

5

Мал тұрған қораны
тазалап, көң мен
қиды далаға бір
жерге үйіп
шығарылуы тиіс

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет. инспекторы

6

Мал тұрған қораға және сойылған жерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

үнемі

Лицензиялы мал
дәрігер, мал
иесі, РМҚК "РЭО"

Селолық округтің
вет. инспекторы

7

Қалған малдан 2 рет қатарынан 15-30 күнде қан алу

үнемі

Лицензиялы мал дәрігер, мал иесі, РМҚК "РЭО"

Селолық округтің
вет. инспекторы

8

Екі рет таза шыққан сау малды 3 айлық тәртіптің бақылауға алу немесе әр 45 күнде тағы 2 рет қан алу

үнемі

Лицензиялы мал дәрігер, мал иесі, РМҚК "РЭО"

Селолық округтің
вет.инспекторы

9

Ауру ошақта
қорытынды
залалсыздандыру
жұмыстарын
жүргізу, басқа
мал ауырмаса

үнемі

Лицензиялы мал дәрігер, мал иесі, РМҚК "РЭО"

Селолық округтің
вет.инспекторы

10

Қолайсыз ошақтан
аудандық әкімдігі
тарапынан шектеу
алу туралы шешімі

үнемі

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімі

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімінің бастығы

11

Адамды сарып ауруынан қорғау
шаралары және
жеке бастың
гигиеналық
талаптары;
1) Арнайы киімі
және аяқ киімі
болу керек;
2) Қолжуғыш,
сүлгі, сабын,
1-көмек
көрсететін аптечка;
3) Кір киімді
салатын, жуатын
ыдыс болу тиіс;
4) Үш тастаған
қозыларды,
бұзауларды жинайтын ыдыс
және көметін
арнайы шұңқыр
болуы тиіс;
5) Құрал-сайман,
залалсыздандыру
препараттары
болуы тиіс;
6) Сарып
ауруына
тексерілмеген
адамды мал
күтіміне жібермеу

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы.

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

үнемі

Мал иесі

Селолық
дәрігерлік
амбулаториясының
дәрігері

      Аудандық ауыл шаруашылық
      бөлімінің бастығы                           Б.М. Бименов

      Аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік бас ветеринарлық
      инспекторы                                 М.Т. Мұстафаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады