Ақши ауылына жаңа көшелердің атын беру туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши селолық округі әкімінің 2008 жылғы 09 сәуірдегі N 9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 16 мамырда N 2-8-86 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабын, Ақши ауылы тұрғындарының 2007 жылғы 17 желтоқсандағы ауыл жанындағы өтініштері мен аудандық ономастика кеңесінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 4 келісімін, Ақши ауылының қосымша бас жоспарын басшылыққа ала отырып,.округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақши ауылындағы жаңа көшелер:
      - Наурызбай батыр
      - Өтеген батыр
      - Артық батыр
      - Сатай батыр
      - Қалқабай батыр
      - Жетісу
      - Төле би
      - Қазыбек би
      - Мусралиев Көсембай көшесі деп аталсын.
      2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Ақши ауылындағы жаңа көшелер таныстырылсын.
      3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеуге ұсынылып, жарияланып, 10 күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши селолық округі әкімінің 2010.02.19 N 4 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау округтің бас маманы Апсалимова С.А. жүктелсін.

      Ақши селолық
      округінің әкімі                            Айтуов С.Қ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады