Ақши ауылына жаңа көшелердің атын беру туралы 2008 жылғы 9 сәуірдегі N 9 шешіміне өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 ақпандағы N 4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 16 наурызда N 2-8-138 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақши селолық округі әкімінің 2008 жылғы 9 сәуірдегі "Ақши ауылына жаңа көшелердің атын беру туралы" N 9 аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 16 мамырда N 2-8-86 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің N 24 санында жарияланған шешіміне 3 тармағындағы "күшіне" деген сөздің орнына "қолданысқа" деп өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ақши селолық
      округінің әкімі:                           С. Айтуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады