1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 10 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 2-9-74 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2009.04.30 N 5 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қаулысына сәйкес 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптастыруға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар Ескелді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі арқылы шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
      2. Алынып тасталды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009.03.10 N 2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       3. Аудандық білім бөлімі (Қ.Ж.Кудьяров) 1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
       4. Аудандық ішкі істер бөлімі (Б.Қ.Сембаев келісім бойынша):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі инспекцияда тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тізімін тапсыруды қамтамасыз етсін;
      Ескерту. 4-1) тармақшасына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009.03.10 N 2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      2) Шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан бозбалаларды іздестіру барысында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге көмек көрсетіп, оларды жедел түрде іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімі және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өкілдерінен топ құрсын.
       5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Б.Тілеуберген), қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсыруды қамтамасыз етсін.
      6. Алынып тасталды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009.03.10 N 2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (А.Қанағатов) осы шешімнің орындалуы жөнінде 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарлама беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2009.03.10 N 2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       8. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
       9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Ескелді ауданының
      әкімі                                      С.М. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады