Есркерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 2010.04.22 № 32-121 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9-шы қыркүйектегі N 949 "Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы туралы" Қаулысына, және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Іле ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 1-994 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын негізге алып, Iле аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
2. Іле аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 шілдедегі N 58-218 "Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі туралы" Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 21 тамызында 2-10-57 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі 41 нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Ғ.Садуақасова) және аудан әкiмiнiң орынбасарларына (Е.Тұрымбетов, В.Файль) жүктелсiн.
Мәслихат сессиясының
төрағасы С. Қайырбаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Ф. Ыдрышева
Іле аудандық мәслихатының
2008 жылғы 29 қаңтардағы N 6-20
"Тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшері туралы"
шешіміне қосымша
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртiбi және мөлшерi
1. Жалпы бөлім
1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері (әрі қарай - тәртібі) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi "Тарифтiң көтерiлуiне байланысты телефонға төленетiн абоненттiк төлем ақы туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзiрленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
2. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтiк қорғаудың бiр түрi болып табылады.
3. Тұрғын үй көмегi тұрғылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі (сенімхаты бар жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына (жеке түлғаларға) ақшалай төлем түрінде беріледi.
4. Телекоммуникация жүйесiнiң абонентi болып саналатын, әлеуметтiк тұрғыдан қорғауға жататын азаматтарға тарифтiң көтерiлуiне байланысты төленетiн абоненттiк төлем ақы - 2004 жылдың қырқүйек айына дейiн қолданылып жүрген тариф пен көтерiлген тариф арасындағы анықталған айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы - тарифтің көтерiлу шығынының орнын толтыру үшiн көзделген коммуналдық қызмет көрсетудi тұтыну және тұрғын үйдi ұстау төлемi жөнiнде тұрғын үй көмегi құрамына кiретiн ақшалай өтем болып табылады. (бұдан әрi - тарифтiң көтерілуiне байланысты телефонға төленетiн абоненттiк төлем ақы).
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
6. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық кызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
7-1) Уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық маңызы бар аудандық атқарушы орган.
Ескерту. 7-1) тармақпен толықтырылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
7-2) Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген адамдардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия. Комиссия құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің меншік иелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.
Ескерту. 7-2) тармақпен толықтырылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
8. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi күтiп ұстау жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа коммуналдық қызмет, байланыс шығындарын өтеу ретiнде берiледi.
Ескерту. 8 тармаққа толықтыру енгізілді - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн нақты төленген сомадан аспауы тиiс.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тарифтiң көтерiлуiне байланысты телефонға төленетiн абоненттiк өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемімен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
3. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі
11. Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды тапсырған айдан басталады.
12. Тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдерi бойынша берешектерi бар тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегi жалпы негiзде беріледі. Тұрғын үй көмегiн алғанға дейiн болған берешектiң өтелуiн коммуналдық қызмет көрсетушiлер бақылауға алады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде ескерiлмейдi.
13. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, кенттік округтерде құрылған учаскелік комиссияларға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) отбасының құрамын, тұрғылықты мекен жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сату - сатып алу, жалға беру келісім - шарты және т.б. жылына бір рет);
3) тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген және алынған көмірдің мөлшері және бағасы көрсетілген түбіртек көшірмелері;
4) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет;
5) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет;
6) телекоммуникация жүйесiнiң абонентi болып саналатынын анықтайтын құжат (келiсiм шарт немесе сол құжаттың түбіртек көшірмелері - телекоммуникация қызметi үшiн есеп шот);
7) Белгілі категориядағы тұлғалар үшін (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер) қосымша құжаттар ұсынылуы қажет, олардың тізбесін тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
8) жеке қосалқы шаруашылығы жөніндегі мәлімет, оны ауылдық-кенттік әкімдіктер куәландырады.
14. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаларды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін және байланыс қызметi үшiн төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі. Түбіртектерде өткен айдың шығындары көрсетіледі.
15. Жиынтық табыс отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен - жайда тіркелген басқа адамдардың өткен тоқсандағы кірісін қосу арқылы есептелінеді.
16. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай санына бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
17. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан да тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
3) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына қалалық жерде тұратындарға бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді;
6) өзге де табыс.
18. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) жерлеуге, бала тууына байланысты берілетін бір жолғы жәрдемақылар;
3) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
4) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық түлік бағаларының қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көрсетілген көмектер;
5) жеке ісін ашуға- жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға арналған материалдық көмектер. Егер жеке ісін ашуға- жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға берілген қаражат мақсатты жұмсалмаса, осы факті анықталған тоқсандағы жиынтық табысы көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
6) Төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулықтарына және дүние-мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек түрлері.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округтер әкімдері құжатты қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
20. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және оның мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округтер әкімдеріне ұсынады.
21. Ауылдық, кенттік округ әкімдерінде құрылған учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын 5 күн ішінде қабылдап, журналға тіркеп, қайта аттестаттаудан өтетін күні көрсетілген түбіртек ескерту береді, 7 күн ішінде материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, тексеру актісі бойынша отбасының тұрғын үй көмегіне мұқтаждығы туралы қорытынды шығарып, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, уәкілетті орган 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады, жалпы жеке тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қаралып, шешім қабылданады.
Ескерту. 21 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
22. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына қайта аттестаттаудан өтетін күні көрсетілген түбіртек- ескерту береді.
23. Күтімге мұқтаж деп танылған 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, 55 жастан асқандарды, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытынды анықтамасы бойынша жұмыстан босатылған, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүргендерді, айналасындағыларға зиянды ауыруы бар адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
24. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй көмегiн беру нормаларына баламалы.
Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен (сумен қамтамасыз ету, канализация, жарық және жылу энергиясы, тұрғын үйді ұстау) пайдалану көрсеткіштері нормаларын, ауыл - кент округтері бойынша көмірдің бағасын есептеу, аумақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуді аудан әкімдігі белгілейді.
25. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1) үйдің немесе пәтердің ауданы:
жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 шаршы метр, немесе 1 бөлмелі пәтердің ауданынан аспау керек;
отбасында 2 адам тұратын болса - 42 шаршы метр;
отбасында 3 адам немесе одан да көп адам тұратын болса - әр біреуіне 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
2) газ тұтыну - отбасына 1 айға 1 кішкене балон;
3) электр энергиясын қолдану: 1 адамға - 45 квт; 2 адамға - 90 квт; 3 адамға - 135 квт; 4 және одан да көп адамнан тұратын отбасына - 150 квт; электр плита орнатылған болса 1 адамға - 70 квт; 4 және одан да көп адамнан тұратын отбасына - 250 квт;
4) от жағу маусымына - 3 тонна көмір.
26. Отбасының тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет шығындарының белгiленген шектi үлесi, отбасының кiрiсi және тұрғын үйлердi ұстау қызметi төлемдерiнiң (тарифтерiнiң) мөлшерi өзгергенде, бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегi қайта есептелінеді.
27. Тұрғын үй көмегiн алушылар үй меншiгi түрiнiң, отбасы құрамының, оның мәртебесiнiң және жиынтық кiрiсiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне он күн iшiнде хабарлауға тиiс.
28. Тұрғын үй көмегiн алушылардың бiле тұра жалған құжаттар ұсынуының салдарынан көмектiң заңсыз тағайындалуына және төленуiне, мөлшерiнiң дұрыс есептелмеуiне жол берiлген жағдайда көмек алушылар артық алған сомаларды бiр жыл аралығында ерiктi түрде қайтаруы тиіс, қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы шешiледi.
29. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу егер оны алушы:
1) осы тәртіпте белгіленген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса;
2) уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
3) алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері мен байланыс қызмет төлемдерiн уақытында төлемесе уақытша тоқтатылады.
30. Тұрғын үй көмегі төмендегі жағдайларда тоқтатылады:
отбасы құрамының, мекен-жайының, табысының өзгеруі тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырады.
31. Жұмыссыздар жұмысқа орналасудан, қоғамдық жұмыстан, оқыту мен қайта оқытудан себепсіз бас тартса, тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
31-1) Уәкілетті органға, ауылдық, кенттік округтердің әкімдеріне және учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегінің тағайындалуы мен төленуін ұйымдастырудың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
Ескерту. 31-1) тармақпен толықтырылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
31-2) Өтініш беруші мен алушы учаскелік комиссия мен уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне келіспеген жағдайда жоғарғы органдарға, сондай-ақ сотқа шағымдануға құқылы.
Ескерту. 31-2) тармақпен толықтырылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.04.01 N 20-70 шешімімен.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
32. Тұрғын үй көмегі және тарифтiң көтерiлуiне байланысты телефонға төленетiн абоненттiк төлемақыны төлеу тұрғын үй көмегін алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.