Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2012.07.20 N 8-38 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2–тармағына және 2009 жылдың 8 маусымындағы осы Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысының негізінде Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі бекітілсін.
2. Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" № 6-20, әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 ақпанында № 2-10-71 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2008 жылғы 22 ақпандағы № 7 (4220) нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 05 маусымдағы "2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы № 6-20 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы" № 9-30, әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 17 шілдесінде № 2-10-77 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 29(4241) нөмірінде жарияланған, 2009 жылғы 01 сәуірдегі "2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы № 6-20 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы" № 20-70, әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірінде № 2-10-91 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 25 (4290) нөмірінде жарияланған шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы (Ғ.Садуақасова) және аудан әкiмiнiң орынбасарларына (Е.Тұрымбетов, В.Файль) жүктелсiн.
Сессия төрайымы Б. Сүлейменова
Аудандық мәслихат хатшысы Ф. Ыдрышева
Іле аудандық мәслихатының
2010 жылғы 22 сәуірдегі
№ 32-121 шешімімен
бекітілген
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері және тәртібі
1. Жалпы бөлім
1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі" талаптарына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеуде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық маңызы бар аудандық атқарушы органы.
учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
3. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен аудан елді мекендерінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, осы шешіммен белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
5. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер (қосымша жалға беруші) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
7. Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын немесе жұмыс істемейтін үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, 55 жастан асқандарды, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қортынды анықтамасы бойынша жұмыстан босатылған, айналасындағыларға зиянды ауыруы бар, бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген адамдарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жүмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
8. Жұмыссыздар жұмысқа орналасудан, қоғамдық жұмыстан, оқыту мен қайта оқытудан себепсіз бас тартса, немесе қоғамдық жұмысты, оқуды өз бетімен тоқтатса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
9. Өтініш беруші уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
10. Ауылдық және кенттік округ әкімінің шешімімен учаскелік комиссия құрылады. Комиссия құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің меншік иелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемінде бес адамнан болуы тиіс.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) қосымшаға сәйкес, бекітілген үлгідегі өтініші мен қоса уәкілетті органға тікелей немесе ауылдық және кенттік округтің әкімшілігі арқылы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесін;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін;
4) отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттарын;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шотын;
6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шотын;
7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттарын;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шотын немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін;
9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоты;
10) әділет басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтаманы, жылына бір рет;
11) СТН көшірмесін, төлемдерін аудару үшін шот нөмірін.
12. Белгілі категориядағы тұлғалар үшін (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер, жалдаушылар т.б) қосымша құжаттар ұсынылуы қажет, олардың тізбесін тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округтер әкімдері құжаттарын қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
14. Ауылдық, кенттік округ әкімдерінде құрылған учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын 5 күн ішінде қабылдап, журналға тіркеп, қайта аттестаттаудан өтетін күні көрсетілген түбіртек ескерту береді, 7 күн ішінде материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, тексеру актісі бойынша отбасының тұрғын үй көмегіне мұқтаждығы туралы қортынды шығарып, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, уәкілетті орган 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады, жалпы жеке тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қаралып, шешім қабылданады.
15. Отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары және басқада берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, учаскелік комиссия немесе тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган қажетті ақпаратты тиісті органдардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
16. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал қайтарудан бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
17. Тұрғын үй көмегiне өтініш білдірген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтініш иесі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды тапсырған айдың 1 басталады.
19. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаларды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін және байланыс қызметi үшiн төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі. Түбіртектерде өткен айдың шығындары көрсетіледі.
4. Отбасының жиынтық табысын анықтау тәртібі
20. Отбасының жиынтық табысы отбасының құрамында тұрғылықты бір жерде тіркелген барлық адамдардың табыстарын қосу арқылы өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсаны бойынша есептеледі.
21. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және оданда тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
3) кәсіпкерлік және басқада қызмет түрлерінен түсетін табыс;
4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қолданып жүрген нормативтік кәртішкелер негізінде есептелінеді.
6) өзге де мәлімделген табыстар.
22. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі;
2) жерлеуге, бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
3) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек (көрсетілген көмек ең төмен күн көріс деңгейінен асып түскен жағдайда, екеуінің арасындағы айырма ретінде жиынтық табыста есепке алынады);
4) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық түлік бағаларының қымбаттауына байланысты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көрсетілген көмектер;
5) жеке ісін ашуға-жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға арналған материалдық көмектер. Егер жеке ісін ашуға-жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға берілген қаражат мақсатты жұмсалмаса, осы факті анықталған тоқсандағы жиынтық табысы көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
6) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулықтарына және дүние-мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек түрлері;
7) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін:
санаторийлiк-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар;
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;
9) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi заңнамалық кесiмдермен оралмандарға берілетін:
тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн жеткiзу (оның iшiнде малын) жөнiндегi шығыстарды өтеу ақылары;
келген жерiнде тұрғын үй сатып алуға және бiржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.
23. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде
есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлерінен түсетін табыс
24. Отбасының кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түсетін жиынтық табысын есептеу кезiнде:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
25. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды. Жекелеген азаматтарда шарт жасаспай жұмыс iстейтiн адамдардың, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жиынтық табысы олардың жазбаша өтiнiштерi негiзiнде расталады.
26. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
27. Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
6. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
28. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және тұрғын үйді ұстаудан басқа коммуналдық қызметтер үшiн нақты төленген сомадан аспауы тиiс.
29. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар негізінде және белгіленген нормалар мен нормативтер шегінде тағайындалады.
30. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормаларға негізделеді:
1) жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр (1 бөлмелі пәтердің ауданынан кем болмауы керек), отбасында 2 адамы барлар үшін - 42 шаршы метр, отбасында 3 және одан көп адамы барлар үшін - әрқайсысына - 18 шаршы метр, бірақ үйдің (пәтердің) жалпы ауданынан аспауы керек;
2) жеке үйде тұратындарға тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 12,5 мі, орталық ыстық су жүйесімен қамтамасыз етілмеген көп қабатты үйлерде тағам дайындау үшін 1 адамға жұмсалатын табиғи газ – 18,5 мі;
3) 1 шаршы метрге жылуы үшін жұмсалатын табиғи газ - 7 мі;
4) сұйық газ тұтыну тағам дайындау үшін 1 айға - 10 кг;
5) электр энергиясын қолдану: 1 адамға – 45 киловатт, 2 адамға – 90 киловатт, 3 адамға – 135 киловатт, 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт;
6) электр плита орнатылған болса 1 адамға – 70 квт; 2 адамға - 90 квт; 3 адамға – 135 квт; 4 - 6 адамнан тұратын отбасына – 150 квт; 7 және одан да көп адамнан тұратын отбасына – 250 квт;
7) от жағу маусымына – 4 тонна көмірді жыл бойына беру есептелінеді.
8) суық су – 6,93 мі бір адамға, жеке үйде тұратындар үшін – 4,57 мі;
9) ыстық су – 3,56 мі бір адамға, жеке үйде тұратындар үшін – 5,78 мі.
31. Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер тарифтерін, көмірдің бағасын аумақтың тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ететін аудан әкімдігі белгілейді.
7. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
32. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді және ол бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
33. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық Ашық Акционерлiк Қоғамы "Қазпошта" филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім шарт негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
8. Қорытынды
34. Уәкілетті органға, ауылдық, кенттік округтердің әкімдеріне және учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегінің тағайындалуы мен төленуін ұйымдастырудың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
35. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері туралы мәселелері бойынша туындаған даулар (келіспеушіліктер) Қазақстан Республикасының заңнамаларынына сәйкес шешіледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері және тәртібіне
қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
жөніндегі уәкілетті органға
________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
___________________мекен-жайында тұратын
________________________________________
(елді мекен, аудан)
________________________________________
(көше, үй мен пәтердің N, телефоны)
|_________| Отбасының тіркеу нөмірі
ӨТІНІШ
2010 жылғы __ тоқсанға тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
Менің отбасым _______ адамнан тұрады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. _______________________________________________________
2. _______________________________________________________
3. _______________________________________________________
4. Жеке қосалқы шаруашылығым туралы мәлімет
__________________________________________________________
5. Алдыңғы тоқсандағы тұтынылған коммуналдық қызмет түрлері:
__________________________________________________________
Жеке шоттың № _________ Банктің атауы_____________________
Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде
хабарлауға міндеттенемін. Жалған мәліметтер мен жасанды
құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
"______"________________201__ж.
_______________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды: "______" __________ 201__ж.
____________________________________________________________
қолы ( құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. лауазымы )
---------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде
хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
___________________________________________
_____ данада қоса берілген құжаттармен азамат__________өтініші.
Отбасының тіркеу нөмірі __________________ _____________
қолы
_______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
"__" ___________ 201__ ж. қабылданды.