Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 20-70 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 29 сәуірде N 2-10-91 тіркелді. Күші жойылды - Іле ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 32-121 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының 2010.04.22 N 32-121 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Іле аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 қаңтардағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы" N 6-20 шешіміне, Іле аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 ақпанда N 2-10-71 нөмірінде тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2008 жылғы 22 ақпандағы 7(4220) нөмірінде жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       жоғарыда аталған шешімде қолданылған "Тұрмысы төмен отбасыларына" деген сөздер "Табысы аз отбасыларына" деген сөздерге ауыстырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртiбi және мөлшерi" туралы қосымшада:
       "1. Жалпы бөлімде": мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7-1 және 7-2 тармақтарымен толықтырылсын:
      "7-1. Уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын аудандық маңызы бар аудандық атқарушы орган";
      "7-2. Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген адамдардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия. Комиссия құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің меншік иелері, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады".
       2 бөлімнің 8 тармағындағы "Тұрғын үй көмегі, тұрғын үйді күтіп ұстау" деген сөйлемнен кейін "жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
       3 бөлімнің 21 тармағы "Ауылдық, кенттік округ әкімдерінде құрылған учаскелік комиссия өтініш берушілердің құжаттарын 5 күн ішінде қабылдап, журналға тіркеп, қайта аттестаттаудан өтетін күні көрсетілген түбіртек ескерту береді, 7 күн ішінде материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, тексеру актісі бойынша отбасының тұрғын үй көмегіне мұқтаждығы туралы қорытынды шығарып, тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, уәкілетті орган 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады, жалпы жеке тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қаралып, шешім қабылданады" - деп жаңа редакцияда жазылсын.
       "3. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі" бөлімінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 31-1 және 31-2 тармақтарымен толықтырылсын:
      "31-1. "Уәкілетті органға, ауылдық, кенттік округтердің әкімдеріне және учаскелік комиссияға тұрғын үй көмегінің тағайындалуы мен төленуін ұйымдастырудың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі".
      "31-2. "Өтініш беруші мен алушы учаскелік комиссия мен уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне келіспеген жағдайда жоғарғы органдарға, сондай-ақ сотқа шағымдануға құқылы".
       2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Ғ. Садуақасова) және аудан әкімінің орынбасарларына (Е. Тұрымбетов, В. Файль) жүктелсін.

      Сессия төрайымы                            Р. Айдарбекова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ф. Ыдрышева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады