Іле ауданында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 мамырдағы N 4-3639 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 11 маусымда N 2-10-75 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 11-2306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 31.12.2013 № 11-2306 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-ші тармақ 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2008 жылдың 1 маусымы мен 31 желтоқсан аралығында халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына басты тамақ өнімдерінің қымбаттауы мен коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өсуіне байланысты, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ай сайын 1168 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
       2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (Н. Құматаев) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Е. Тұрымбетовке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Логутов Николай Николаевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады