Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының 2009.12.22 N 36-4 Шешімі және Қарасай ауданы әкімдігінің 2009.12.22 N 12-1223 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 13 тармақшасына, 31 бабының 10 тармақшасына, Жер кодексінің 24, 37, 108, 109, 110 баптарының негізінде, «Алматы қаласының статусы және оны дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 наурыздағы № 228 Қаулысына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалардың, кенттердің, селолық елді-мекендердің жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылсын.
2. Алматы қаласы жанындағы аймақтар, жерлер құрамына кіретін, қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын және қала шетінен тыс жерлердің, қала жанындағы аймақтарда қала маңындағы ауылшаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту, қалақұрылысын ерекше реттеу аймақтарының нысанасына сәйкес Алматы қалалық және облыстық атқарушы, мемлекеттік сәулет және құрылыс комитетінің органдарымен келісіп пайдаланылсын.
3. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншіктегі ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасы азаматтарына аудан бойынша бір адамға:
1). 0,5 га суармалы айдалған;
2). 1,0 га суарылмайтын айдалған;
3). 2,0 га жайылымдық;
4). 2,0 га шабындық;
Басқа категориядағы жер мөлшері (бау-бақ өсіру, өзіндік қосалқы шаруашылығы) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 50 бабының 2 тармағына сәйкес қалдырылсын.
Жекешелендіру кезінде берілген суармалы және суарылмайтын жер телімдері, жер үлестеріне сәйкес бөлінсін.
5. Осы біріккен шешім мен қаулының орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы, жер, құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Исағұлов), аудандық жер қатынастары бөліміне (А.Сейтәшімов), ауданның сәулет және қалақұрылысы бөліміне (Т.Бектасов) жүктелсін.
Қарасай ауданының
әкімі Мұсаханов А. Т.
Аудандық мәслихат
хатшысы Ахметов М. Т.