Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 4-26 шешімі және Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 16 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 20 ақпанда N 2-12-68 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 қарашадағы N 29-137 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.11.16 N 29-137 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, 31-бабының 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қаратал ауданы бойынша суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, ең аз мөлшері 1 гектар болып белгіленсін.
       2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қаратал аудандық мәслихатының                Аудан әкімі:
      сессия төрайымы:                             Қ. Медеуов
      С. Дәркенбаева

      Қаратал аудандық
      мәслихатының хатшысы:                       М. Рақымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады