1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 39 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 2-13-86 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2009.12.22 N 2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағы 13) тармақшасының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. 2009 жылдың 5 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Кербұлақ ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тіркеу учаскесіне жасы 17-ге толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Кербұлақ ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ұйымдастырылсын.
       2. Шақыру учаскесі Кербұлақ ауданы Сарыөзек кенті, Құлжабай би к-сі 6-үй мекен-жайы бойынша белгіленсін.
       3. Кент, ауыл округтерінің әкімдері меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары тіркеуге жататын азаматтарға шақыру учаскесіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
       4. Аудандық ішкі істер бөлімі (С.А.Беспаев келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.
       5. Кент, ауыл округтері әкімдеріне, аудандық ішкі істер бөліміне (С.А.Беспаев), аудандық АХАЖ бөліміне (А.К.Шалшықбаева), аудандық сотқа (Қ.Ш.Молдашев), халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (А.Т.Диханбаева) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы " Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттерін орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
       6. Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Қ.Аубакироваға (келісім бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге тіркеуге алынғандарды медициналық куәландыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті мөлшерде орта медициналық қызметкерлерді тартсын;
      2) 2009 жылдың 13 ақпанына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жастарға амбулаториялық аурулардың медициналық карталарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық диспансерлерден, жасөспірім кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханаларында есепте тұрғандардың тізімін берсін;
      3) 1992 жылы туылған барлық жастарды кеуде клеткалары органдарын флюрографиялық тексеру, қанның жалпы тексерілуі, зәрдің жалпы тексерілуі және микрореакцияға тексеру, иммунитет тапшылығынан жүре пайда болған синдромға (СПИД) тексеру, электрокардиограммасын, сондай-ақ қанның группасын және резус факторын тексеру жұмыстарын тегін жүзеге асырсын.
       7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Момбаевқа жүктелсін.
       8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады