1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 28 қаңтарда N 2-13-103 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің 2010.12.14 N 8 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылдың 5 қаңтар мен 31 наурыз аралығында Кербұлақ ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тіркеу учаскесіне жасы 17-ге толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Кербұлақ ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Кент, ауыл округтерінің әкімдері меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары тіркеуге жататын азаматтарға шақыру учаскесіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Серік Амангелдіұлы Беспаев келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары ұйымдастырылсын.
      4. Кент, ауыл округтері әкімдеріне, аудандық ішкі істер бөліміне (Серік Амангелдіұлы Беспаев), аудандық АХАЖ бөліміне (Алия Калияхметқызы Шалшықбаева), аудандық сотқа (Гүлнар Аманқызы Оңғарова), халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Айгүл Тұрдахунқызы Диханбаева) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабында қарастырылған міндеттерін орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Аудандық аурухананың бас дәрігері Беғали Бейсембекұлы Бильдибековқа (келісім бойынша): тіркеуге алуға азаматтардың әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау жұмыстарын ұйымдастыруды;
      1) 2010 жылдың 15 ақпанына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жастарға амбулаториялық аурулардың медициналық карталарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық диспансерлерден, жасөспірім кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханаларында есепте тұрғандардың тізімін беруді;
      6. Кербұлақ ауданының әділет басқармасында 26 қаңтар 2009 жылы N 2-13-86 болып тіркелген аудан әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсанындағы N 39 "1992 жылы туылған азаматтарды Кербұлақ ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады