Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2009.06.24 N 6-10 Шешімімен
Ескерту. Атауына өзгерту өзгертілді - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алу жүргізілсін.
2. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне:
1) 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;
2) 1992 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
3) Тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1992 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;
4) алынып тасталды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
5) Шақырылушыларды тізімдеу туралы өз уақытында хабардар етілсін және жеке шақыру қағаздары тапсырылсын, шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттармен қамтамасыз етілсін.
3."Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлына (келісім бойынша):
1) алынып тасталды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2) алынып тасталды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
3) Тізімге алынғанға дейін 1991 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
4) 2008 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанындағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 IV қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;
5) алынып тасталды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
6) Шақырылушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінен басталсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2009 жылдың мамыр айында аяқталсын.
4. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Кубиева Жанар Анарбекқызы, аудандық білім бөлімінің бастығы Төкенова Сағымбала Күлсейітқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Шеңгелбаев Бақыт Байғазыұлы жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
5. Аудандық білім бөлімінің бастығы Төкенова Сағымбала Күлсейітқызына:
1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын;
2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін;
3) Білім беру мекемесі әскери-патриоттық тәрбиенің тиімділігі мен маңызын арттыру мақсатында "Болашақ сардар", "Әскери білім және әскери патриоттық тәрбие", "Сардар-ерлер мамандығы", "Жастар– сіздерді әскери оқу орындары күтеді" атты қабырға тақталарын ұйымдастырсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Исабеков Ерлан Қанатжанұлы (келісім бойынша):
1). Тізімге алу алдында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін.
7. алынып тасталды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.03.12 N 3-2 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
8. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Тоқпаев Жанатай Мұқашұлы атқарылған жұмыстар туралы 2009 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне ақпарат берсін.
9.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.
10. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Ғ. Тоқпейісов