Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2009.06.24 N 6-10 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсанындағы "1992 жылғы азаматтарды шақыру учаскесіне есепке алуды жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы" N 12-15 шешіміне (Көксу ауданы әділет басқармасында нормативтік құқықтық акт 2009 жылы 21 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-14-69 болып енгізілген, 2009 жылы 30 қаңтар күні "Көксу таңы" газетінің N 5-6 басылымында жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
1. Аталған шешімнің атауынан "және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешімнің 2-тармағының 4-тармақшасы, 3-тармағының 1-2, 5 тармақшалары және 7-тармағы алып тасталсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі К. Әбдірахманов