Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресуртарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 08 ақпандағы N 4-16 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 наурызда 1676 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 37-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 17.07.2019 № 37-7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес және Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 29 қарашадағы "Су ресурстарын пайдалану үшін төлем ставкалары туралы" № 276 қаулысына байланысты облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т. Халык
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Әсілбеков

  Төртінші шақырылған
Жамбыл облыстық
мәслихатының
2008 жылғы 8 ақпандағы
№ 4-16 шешіміне қосымша

Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысытық әкімдігінің 25.06.2015 № 38-13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

1000 текше метр су көлемінің төлем ставкасы, теңге

1

Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызмет

теңге/1000 текше метр

93,91

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда

теңге/1000 текше метр

263,79

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 текше метр

15,47

4

Су көздерінен су алып байлама шаруашылығын жүргізу

теңге/1000 текше метр

73,2

5

Су энергетикасы

теңге/1000 киловатт сағат

26,24

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады