Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 17.07.2019 № 37-7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының Су кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодекстің 38 бабының 5) тармақшасына, "Салық және басқада міндетті түрде бюджетке төленетін төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 487 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешIм ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық маслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-16 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 11 наурызында № 1676 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2008 жылдың 15 наурызында № 42-43 (16.634-16.635) нөмірінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес осы шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
С. Қалманбетов | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық vаслихатының 2015 жылғы "25" маусымдағы № 38-13 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысының жер беті су көздерінен алынған су ресурстарын пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы ставкалары
Арнайы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | 1000 текше метр су көлемінің төлем ставкасы, теңге | |
1 | Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызмет | теңге/1000 текше метр | 93,91 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда | теңге/1000 текше метр | 263,79 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 15,47 |
4 | Су көздерінен су алып байлама шаруашылығын жүргізу | теңге/1000 текше метр | 73,2 |
5 | Су энергетикасы | теңге/1000 киловатт сағат | 26,24 |