РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабы 5) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 569 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 5 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Жамбыл облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. "Жамбыл облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-16 (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 11 наурызда № 1676 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 наурызда № 42-43 (16634-16635) "Ақ жол" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
"Жамбыл облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-13 (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдедегі № 2710 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызында "Ақ жол" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы "17" шілдедегі № 37-7 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | 1000 текше метр су көлемінің төлем ставкасы, теңге |
1 | Тұрғын-үй пайдалану және қоммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 93,95 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 263,61 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 15,46 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 73,14 |
5 | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағат | 26,22 |