Атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 08 сәуірдегі N 5-16 Шешімі және Жамбыл облысы Тараз қалалық әкімиятының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1214 қаулысы. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 07 мамырда N 72 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4) тармақшасы негізінде және қалалық ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 1 оң қорытындысына сәйкес қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Комсомол" көлінің атауы "Зербұлақ" көлі деп өзгертілсін.
      2. Сүлеймен мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы аллея "Махаббат аллеясы" деп аталсын.
      3. Осы бірлескен акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының                       Тараз қалалық
      Әкімі                                 мәслихат хатшысы
      І. Тортаев                            Ө. Байшығашев

      Қалалық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы
      А. Райқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады