Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 қазандағы N 11-5 шешімі. Жамбыл облысы Тараз қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада 81 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2010.05.14 № 29-5 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тараз қалалық мәслихатының 2010.05.14 №  29-5 Шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
      2. "Тараз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру тәртібін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 8 шілдедегі № 7-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6-1-78 болып тіркелген, 2008 жылдың 27 тамызында № 68 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қазанынан туындаған қатынастарға таралады.

      Қалалық мәслихаттың                 Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                хатшысы
      Ж. Сыдықов                          Ө. Байшығашев

      Тараз қалалық мәслихаттың
      2008 жылғы 23 қазандағы
      № 11-5 шешімімен бекітілген

Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері (әрі қарай - Ережелер) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      тұрғын үй көмегі - тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көрсетілетін көмек;
      қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттеріне телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы;
      өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген адам;
      уәкілетті орган - "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар - тұрғын үйді пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлемдер қосындысы;
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетуші (қызмет жабдықтаушы) – келісім шарт негізінде тұрғын үйді ұстау бойынша, сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтерді және байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
      өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және  коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары - тұрғын үй көмегін көрсету кезіндегі төлемдерді есептеу үшін қажетті мөлшерлер.
      3. Тұрғын үй көмегі Тараз қаласында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға), егерде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары шегінде тұрғын жайды ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары отбасының бюджетінде осы мақсаттағы шекті ұйғарынды шығындардың үлесінен асып кеткен жағдайда көрсетіледі.
      Тұрғын жайды ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шекті ұйғарынды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Отбасының жиынтық табысына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек, он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақылар, тұрғын үй көмегi, жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақыдан басқа, табыстың барлық түрі кіреді.
      4. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын жайды ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) мен коммуналдық қызметтерiн тұтыну үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      6. Тұрғын үй көмегін алу үшін тоқсан сайын Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуір № 119 қаулысымен (Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылы 06 маусымда 1691 нөмірімен тіркелді) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына" сәйкес құжаттар тапсыру қажет.
      7. Тұрғын үй көмегі тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін ағымдағы тоқсанда түскен құжаттардың уақытына қарамастан, ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалары шегінде тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді тұтынуға тариф бойынша есептелген сомасы мен отбасының осы мақсаттағы шекті ұйғарынды шығындарының үлесінің арасындағы айырма ретінде есептеледі, оғантелефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы мөлшері қосылады.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      Қалалық телекоммуникациялар жүйесінің абоненттеріне байланыс қызметі үшін тұрғын үй көмегі телефонның абоненттік төлем ақысының өсу айырмашылығы мөлшерінде көрсетіледі.
      9. Тұрғын үй көмегін алушы кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін ағымдағы немесе күрделі жөндеуден (әрі қарай - ағымдағы немесе күрделі жөндеу) өткізген жағдайда, есеп кондоминиум объектісінің қатысушыларының тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі. Өтемақыны өтеу ағымдағы немесе күрделі жөндеудің бір түрі бойынша біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
      10. Отбасының тұрғын жайды ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеуге шекті ұйғарынды шығындардың үлесі, отбасының табыстары, сонымен қатар коммуналдық қызметтеріне және байланыс қызметтерінің төлемақы (тарифтердің) мөлшері өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта санауды жүргізеді.
      11. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеу оқиғалары туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      12. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі есепке алынатын тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) төленетін шығыннын шекті мөлшері, кондоминиум қатысушыларының тіркелген үлесі есебімен кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысымен белгіленеді.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екі және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):
      бірден бес адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 50 квт.;
      бес және одан да көп мүшелі отбасына – 200 квт.
      3) коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламды.

3.Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      15. Тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу шығындарды өтеу өтемақысын қаржыландыру қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      16. Тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу шығындарды өтеу өтемақы соммалары алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылады.
      17. Коммуналдық қызмет көрсетушілер (қызмет жабдықтаушылар) тұрғын үй көмегінен түскен соманы алушылардың жеке есеп шоттарына енгізеді.
      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады