Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және ”Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбелері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Несіпбеков) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
Жамбыл ауданының Әкімі М. Дүйсембаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
О. Ивасик
26 желтоқсан 2008 ж.
Жамбыл ауданы әкімиятының
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 761 қаулысына № 1-қосымша
2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса селолық округі Әкімі" мемлекеттік мекемесі
2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
3. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
4. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылының Әкімі" мемлекеттік мекемесі
5. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
6. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродиково селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
7. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Ерназар ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
8. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
9. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
10. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаракемер ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
11. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қызылқайнар ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
12. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қаратөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
13. Жамбыл ауданы "Құмшағал ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
14. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Қарой селолық округінің Әкімі” мемлекеттік мекемесі
15. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы "Пионер ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
16. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
17. "Жамбыл ауданы Өрнек селолық округінің Әкімі" мемлекеттік мекемесі
18. "Жамбыл ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
19. "Жамбыл ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
20. "Жамбыл ауданы әкімияты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі
21. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Жамбыл ауданы әкімиятының
2009 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 761 қаулысына № 2-қосымша
Ескерту. 1-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Жамбыл аудандық мәслихатының 2009.03.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен.
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№ |
Жұмыс түрлері |
Нақты жұмыс жағдайлары |
Көлемі |
Қаржы- |
Еңбегіне төленетін ақының мөлшері (адам басына) |
Сұ- |
Ұсы- |
1 |
Аудан аумағын |
1. Арық |
80 |
Жергі- |
20000 теңге |
30 |
30 |
2 |
"Жасыл ел" |
1. Тал егу |
20000 түп |
Жергі- |
20000 теңге |
30 |
30 |
3 |
Республикалық |
1. Сауалнама |
Қажетті- |
Жергі- |
20000 теңге |
20 |
20 |
4 |
Бюджеттік |
1. Тал әктеу |
Қажетті- |
Жергі- |
20000 теңге |
10 |
10 |
5 |
Барлығы |
90 |
90 |