"2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Жамбыл ауданы әкімиятының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 761 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 125 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірдегі 81 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 720 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Жамбыл ауданы әкімиятының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 761 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-3-76 болып тіркелген, 2009 жылдың 31 қаңтарында аудандық № 11 "Шұғыла-Радуга" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Аталған қаулының № 2 қосымшасындағы "13470" сандары "20000" сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1-ші сәуірінен туындаған қатынастарға таралады.
      
      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады