Материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданды әкімиятының 2008 жылғы 03 желтоқсандағы N 601 қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 09 қаңтарда 70 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 285 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Еркерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2009.06.30 N 285 Қаулысымен.

      Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды, олардың жесірлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы негізінде және " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдардың олардың жесірлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға 2009 жылға "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газетінің 133 (жүз отыз үш) данасына жазылу үшін материалдық көмек көрсетілсін.
      2. "Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржыны мақсатты пайдалансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н. Афанасьевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қордай ауданының әкімі                             М. Жолдасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады