Материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 285 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 шілдеде 80 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды, олардың жесірлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдармен қамтамасыз ету мақсатында, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Соғысқа қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарды, олардың жесірлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек етіп, әскери қызмет өткерген азаматтарға 2009 жылдың екінші жартыжылдығына «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетіне 126 (бір жүз жиырма алты) данасына жазылу үшін материалдық көмек көрсетілсін.
      2. «Қордай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржыны мақсатты пайдалансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Б.Т. Жамангөзовке жүктелсін.
      4. Қордай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 601 қаулысының қолданылуы жойылсын.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қордай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушысы                        А. Афанасьев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады